Placeholder
Новости Казахстана30 июня 2023, 14:32

Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып өлтірді

 Павлодарда трамвай жүргізушісі жол апатына ұшырап, салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Кеше кешкі сағат 22:27 шамасында Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.  Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында бақиға аттанған.

Ал қайғылы оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын мәлімдеді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, жол апатына ұшыраған трамвай анықтау нәтижесінде тексеріліп, мөрленгені айтылды. 

павлодар Трамвай Жол апаты

Новости по теме