Placeholder
Новости Казахстана26 декабря 2022, 20:58

Павлодарда такси жүргізушісі жолаушыға бұрыш спрейін шашып жіберді

Павлодарда такси жүргізушісі жолаушы әйелмен жанжалдан кейін оның бетіне бұрыш баллонын шашып жіберді, деп хабарлайды arbat.media..

Рolisia.kz-тің жазуынша оқиға демалыс күндері болған. Жолаушының діттеген жеріне жеткізу кезінде сөзге келген такси жүргізушісі бұрыш баллонын пайдаланған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

 Оқиға 24 желтоқсанда Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде тіркелді. Audi автокөлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрышты баллон шашқан. Полиция автокөліктің жүргізушісін анықтады. Ол 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Осы факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп жазылған ІІМ сайтында.

Қазір жүргізушіге қатысты әкімшілік істі қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жолданған.

павлодар Жолаушы такси Қоғам

Новости по теме