Новости Казахстана31 августа 2023, 9:15

Өскеменде жасалған салат Гиннесс рекордтар кітабына енді

Өскемендік аспаздар ұзындығы жүз метрден асатын салат жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аспаздар көшеде 100 метр 15 сантиметрлік «Капрезе» салатын дайындады.

Өскемендіктер Конституция күнімен қатар Қала күнін де тойлап, атап,  қарбыз фестивалі, бал жәрмеңкесі, «Шығыс дәмі» гастрономия фестивалін ұйымдастырды.

 «Салаттың ұзындығы 100 метрден де асып кетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Осылайша Өскемен әлемде рекорд орнатқан қала ретінде тарихта қалады», - дейді Гиннес рекордтарының Қазақстан өңірлік кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

 

Өскемен Гиннесс рекордтар кітабы Салат Конституция күні

Новости по теме