Placeholder
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Новости Казахстана4 сентября 2023, 12:10

Орманда саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен әжей табылды

Шығыс Қазақстан облысында орманда саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен 83 жастағы әже аман-есен табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Самар ауданының полиция бөліміне 83 жастағы кейуананаың жоғалып кеткенін айтып көмек сұраған.

Туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге  орманға барғанда, әжесі көзден таса болған. Бірнеше сағат ізде таба алмай, полицияға хабарлаған.

Тәртіп сақшылары орман алқабында іздестіруге кірісіп, бір сағатта кейуананы аман тауып алды, деп жариялады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО Орман Оқыс оқиға әжей

Новости по теме