Placeholder
Новости Казахстана19 мая 2023, 16:18

Оқушылар жазғы каникулда қанша күн демалады?

Биылғы оқу жылының соңында еліміз бойынша 144 мыңнан астам түлек колледж бітіреді, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, биыл түлектер үшін салтанатты шараларға шектеу енгізілген. 

Жазғы каникул тура 90 күнге созылады. Оқу жылының аяқталуына байланысты дәстүрлі салтанатты шара өткізу туралы мектептер дербес шешім қабылдайды. Сонымен бірге, салтанатты шараны өткізуге ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді, - деді Ш.Каринова. 

Оның сөзінше биыл елімізд бойынша колледждерден 144 мыңнан астам түлек қияға қанат қақпақ. 

Бұған дейін еліміздің Оқу-ағарту министрлігі республика бойынша мектептерден 170 мыңнан астам оқушы бітіретіндігін мәлімдеген болатын. 

Колледж Түлек Қоғам

Новости по теме