Placeholder
Новости Казахстана12 сентября 2023, 10:30

Оқушы бір қорап аспирин ішіп, өзін өлтірмек болған — Алматы облысы

Алматы облысында оқушы бір қорап аспирин ішіп, өмірден кеткісі келген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында №29 орта мектептің 4-сынып оқушысы 10 қыркүйекте өзіне қол жұмсамақ болған.

Бала өзіне қол жұмсамас бұрын қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алған. Анасы баласын ауыр халде тапты.

11 қыркүйекте Талғар ауданы полиция басқармасына 1992 жылы туған азаматша Б. жүгініп, 2013 жылы туған ұлы дәріден уланғанын айтқан.

Бұл факті ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігімен Талғар ауданы полиция басқармасында тіркелді. Кәмелетке толмаған бала үйінде 10-ға жуық таблетка, болжам бойынша «ацетилсалицил қышқылын» ішкені анықталған.

Осы оқиғаға қатысты арнайы жұмыс тобы құрылып, ол талдау жасап, зерттеу жүргізіп, барлық мектепте профилактикалық шара жүзеге асырылады. 

Бүгінде оқушының жағдайы бірқалыпты. Ол бала сабаққа қатысты.

Оқушымен мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр.

 

Алматы облысы суицид аспирин бесағаш

Новости по теме