Placeholder
Скриншот из видео
Новости Казахстана26 мая 2023, 21:59

Оңтүстік Кореяда әуеге көтерілген ұшақтың есігін жолаушылардың бірі ашып жіберді

Оңтүстік Кореяда Asiana Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ әуеге көтерілген кезде жолаушылардың бірі есігін жіберген, деп хабарлайды Arbat.media.

Теngritravel.kz-тің жазуынша, Airbus 321 ұшағы Оңтүстік Кореяның  Чеджу аралынан Тэгуға қараш бағыт алып ұшқан. Ұшу кезінде бортта 200 адам болған көрінеді. 

Мұндай оқыс оқиғаны жолаушылардың бірі бейнежазабға түсіріп  алды. Кадрларда үрейленіп, қатты қорыққан жолаушылар байқалады. 

Кейін ұшақтағы 12 адам жеңіл жарақат алғып, тоғыз жолаушы тынысы тарылып, ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. 

 Болжам бойынша, ұшақ есігін жақын отырған жолаушылардың бірі ашып жіберген. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтамақ. Сондай-ақ, жолаушылар арасында орта мектептің 48 спортшысы отырған. 

Әуеде болған оқыс жағдайға қарамастан, ұшақ жерге сәтті қона алды. Осыдан кейін күдікті жолаушыны жергілікті полиция бірден тұтқынға алды. 

 

 

Оңтүстік Корея Ұшақ Оқыс оқиға

Новости по теме