Placeholder
Новости Казахстана29 августа 2023, 12:16

Он жыл бұрын шетінеп кеткен нәрестеге жазғы лагерьге жолдама берілген

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында он жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиге шатасып, мектептің  жанындағы жазғы лагерьге жолдама берілгені жазылып, бұл жағдайға жол берген директор мен жауапты қызметкер қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды  Arbat.media.  

Жазбада Қызылорда облысының Арал қаласындағы нөмірі 220 мектепте осыдан 10 жыл бұрын шетінеп кеткен нәрестеге мектептің қасындағы лагерьге жолдама бергені туралы жазылған.

Осыдан кейін орта мектепте егжей-тегжей анықтау жүргізіліп, арнайы жиын өткізіліп,  Арал ауданының білім бөлімі түсіндіруге тырысқан. Жиынға жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудан мәслихаты, ауданды жұмыспен қамту және әлеумет бағадарламалар бөлімінен және мектеп қызметкерлері, ауданның білім бөлімінің басшысы қатысқан.

«Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін жалпыға міндетті оқу қорынан мектептің жанындағы жазғы тынығу лагеріне №220 орта мектебінен 90 баланың тізімі жасалған. Жолдама алу үшін E-gov порталына тіркелген кезде мектептің әлеуметтік педагогы Ақтоты Құлмырзаева жауапты ата-ананың өтінішіне сәйкес электронды кілтпен жеке кабинетіне кіріп, №220 орта мектептің 1 «В» сыныбының оқушысы Заңғар Дәуренұлын тіркеуге өтініш жіберудің орнына, жаңылысып, отбасы тізімінде тұрған 2013 жылы шетінеген бауыры Бейбарыс Дәуренұлының атынан сұраныс жүргізген. E-gov-та бала қайтыс болса да, оның аты-жөні жанұя тізімінде тұрады. Бірақ қателігін байқап, жазғы лагерьге  баруға тиіс Заңғар Дәуренұлын қайта тіркейді. Қажет құжат дайындалып, оқушы лагерьге жіберілді. Дегенмен шетінеген сәбидің өтініші кейін қайтарылмай, порталда қалып қойған», - деп түсіндірді Арал ауданының білім бөлімінен.

Тексере келгенде, E-gov-та Бейбарыс Дәуренұлының өтініші мақұлданбағаны, демалатын балалардың тізімінде жоғы анықталды.

«Бейбарыс Дәуренұлына лагерьге ешқандай қаражат қаралмағаны анықталды. Құжаттар заңға сәйкес рәсімделген. Жиын қорытындысында  жауапты қызметкердің баланың аты-жөнін шатастырып алғаны расталды. Сөйтіп нөмірі 220 орта мектеп директоры Әліби Әбілбаев пен әлеуметтік педагог Ақтоты Құлмырзаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айым Сейіловаға «қатаң сөгіс» жарияланды», - дейді ауданның білім бөлімінен.

 

Қызылорда облысы Арал шетінеген сәби лагерьге жолдама

Новости по теме