Placeholder
Новости Казахстана5 июля 2023, 17:10

Назарбаевтың өз атындағы оқу орындарының қамқоршылық кеңесіне төраға болу құқығы жойылды

Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорына қатысты заңға өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңа заң бойынша экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің аты берілген құрылымдардың басшысы лауазымын атқару құқығынан айырылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары оқу орыны мен мектептердің, сондай-ақ өз атындағы қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын заңға қол қойды. 

Енді "Назарбаев университеті", "Назарбаев зияткерлік мектептері" және "Назарбаев қоры" туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіленіп отыр. 

Бүгінге дейін жоғары қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы міндетін Нұрсұлтан Назарбаев атқарған еді. Бұдан былай жаңа Заң бойынша жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы президент немесе ол тағайындаған адам атқарады. 

 

Назарбаев университет Заң

Новости по теме