Новости Казахстана19 июня 2023, 17:51

Назарбаевтың әулеті Алматыдағы алма бағының жерін әкімдер арқылы кезінде иеленіп кетті - депутат

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматы қаласының 3 гектар жерде өсіп тұрған алма бағының қырқылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласының Горный Гигант деген жерінде қазір 3 гектар алма бағы кесіліп жатыр. Өкінішке қарай, 15 жылда Храпунов, Тасмағамбетов, Есімов, Сағынтаев және Байбектің заңсыз қаулыларының нәтижесінде біз 70 пайыз алма бағынан айырылдық. Инспекторлар тексеріс жүргізгенде сол ескі Назарбаевтың жүйесінде оның әулеті мен олигархтар инспекторға қысым жасады. Қазір сол алма бақты қайтара алмай жатырмыз. Осы уақытқа дейін қанша алмақ бақ мемлекет меншігіне қайтарылды? – деді депутат.

Халық қалаулысы «Жер аманаты» комиссиясының нәтижесінде қаланың экс-әкімі Сағынтаевтың заңсыз қаулысын бұзғанын атады. Бірақ мұндай мыңдаған қаулы осы уақытқа дейін қабылданып кеткен көрінеді. 

Ал бұл сұраққа ауыл шаруашылығы министрі өткен жылы 5,2 миллион жер қайтарылғанын атады. Оның ішінде қанша жер алма бағы екенін нақты айта алмайтынын және жазбаша түрде жауап беретінін жеткізді. 

Бақытжан Базарбек Алма бағы Жер иелену

Новости по теме