Placeholder
Новости Казахстана31 мая 2023, 18:09

Назарбаевты балағаттағандарға енді жаза қолданылмауы мүмкін

Еліміздің қылмыстық кодексінен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын бап алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.

Тиісті заң жобасыгың Мәжіліс депутаттарының қарауына түскенін ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді. 

ҚР Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373-ші және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр, - деп жазылған аталған ақпаратта. 

Нұрсұлтан Назарбаев Заң Қоғам

Новости по теме