Placeholder
Новости Казахстана29 июня 2023, 19:07

Назарбаев атындағы оқу орындарының мәртебесі туралы заң жобасына өзгеріс енеді

Алдағы уақытта Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және Назарбаев қоры мәртебесіне қатысты заң жобаларына өзгерту енгізіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Енді оны жүзеге асыру үшін "Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы", "Назарбаев зияткерлік мектептері" және "Назарбаев қоры туралы" сынды бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. 

Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайтын түзетулер қарастырылып жатыр, - деді бұл туралы Сенат тарапы.

Аталған Заңның қазіргі редакциясында жоғарғы қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жүктелген. Өзгерістер бойынша президент немесе тағайындаған адам жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы қызметін атқаратын болады. 

Назарбаев Заң университет

Новости по теме