Placeholder
Фото: pixabay
Новости Казахстана10 апреля 2023, 18:59

Microsoft Қазақстанда мультиаймақтық хаб ашады

Microsoft корпорациясы Қазақстанда орналасатын мультиаймақтық хаб ашады. Ол Орталық Азия елдерінен бөлек, Әзербайжан, Армения, Грузия, Монғолия және Пәкістан елдерін де қамтиды, деп хабарлайды Arbat.media Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы мәлім еткендей, корпорацияның ChatGPT сияқты көптеген сервистерінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесі қарастырылған.

Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің және еліміздің Сан-Францискодағы Бас консулдығының, сондай-ақ Microsoft корпорациясының қазақстандық өкілдігінің қолдауымен бұл мәселені шешу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Менің Кремний алқабына сапарым барысында біз де бұл мәселені айналып өткен жоқпыз. Бүгін бізге қабылданған шешім жөнінде ресми түрде хабарланды, - деп жазады министр.

Бағдат Мусин хаб ашылуының тиімді тұстарын атап өтті.

Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Осылайша, хаб Microsoft корпорациясының технологиялық даму және инновациялық орталығы бола отырып, шикізаттық емес технология салаларындағы өнімдерді өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайту драйверіне айнала алады, - дейді Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрлігі Бағдат Мусин Microsoft ChatGPT

Новости по теме