Placeholder
Новости Казахстана18 апреля 2023, 15:11

Мемлекет басшысы Еуропа елдерінде жаңа елшілерді тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан бірқатар елдерде елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша Еуропа елдеріндегі екі дипломатиялық қызмет жетекшісіне жаңа лауазым жүктелген. 

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта. 

 

 

Елші Еуропа Жарлық Президент

Новости по теме