Placeholder
kyn.kz
Новости Казахстана31 мая 2023, 20:22

Мәжіліс депутаты Болат Атабаев туралы фильмді қаржыландыратын болды

Белгілі режиссер Болат Атабаев туралы фильм түсіруге қажетті ақшаны мәжіліспен Мақсат Толықбай көтеретін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы жоба авторы Қанат Тілеухан жария етті. Ол біраз уақыт бұрын фильм үшін елден қажетті ақшаны жинай бастаған болатын.
Болат Атабаев жайлы «Мың жылдық ойын» фильмі түсірілетін болды. Бұйырса бес күннен кейін түсіру жұмыстарын бастаймыз. Краудфандингті тоқтатамыз. Бәріңіздің достық пейілдеріңізге, қолдауларыңызға рақмет. Жылы сөздің өзі үлкен медеу. Аздаған қаражат түскен еді. Оны қазір қайта салып жіберемін. Бір байқағаным тілектес жандардың қатары мол екен. Бәріңізге Жаратқан разы болғай. Ал енді қаржыға келетін болсақ. Қаржы табылды. Өзіміздің әріптесіміз, ініміз  Мақсат Толықбай тауып беретін болды. Мәкеңе алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Болат аға тіріліп келсе, краудфандинг деген не тағы. Тоқтатыңдар мынандайларыңды. Зачем меня возвышать? деп сөйлер еді.) Ол кісінің лексиконы сұмдық қой. Тағы да бәріңізге рақмет, - деді Қанат Тілеухан. 
 
 
 

Болат Атабаев Мақсат Толықбай фильм

Новости по теме