Placeholder
Новости Казахстана24 февраля 2023, 3:24

Маңғыстауда балаларды жәбірлеген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұған дейін кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық зомдылық көрсеткен айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті,  деп хабарлайды Arbat.media.

Бірінші саты сотының үкімімен  азаматтық некедегі жолдасының кәмелетке толмаған   балаларына бірнеше рет   азғындық әрекеттер, зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін М-ға 25  жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. 

Кейін жасөспірім жәбірленушілердің өкілі-адвокат апелляциялық шағымында тағайындалған жазаның жеңілдігін көрсете отырып, М-ға қатысты үкімді өзгертіп, оған өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған.

Апелляциялық алқамен  бірінші сатыдағы сотпен тағайындалған  үкімнің М-ның іс-әрекетіне сәйкес келмейтіні,  сотталушы кәмелетке толмаған екі балаға қатысты аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының М-ға қатысты үкімі  өзгертіліп, оған  өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кәмелетке толмаған жәбірленушілердің  өкілі - адвокаттың апелляциялық шағымы қанағаттандырылған.

Іс жабық тәртіпте қаралғандықтан, басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.

Қылмыс Кәмелеттік жас Зорлық Үкім

Новости по теме