Placeholder
Новости Казахстана24 мая 2023, 16:17

Максим Галкиннің Алматыдағы концертіне қатысты дау туды

"Алматы әуендері" директоры Бақытжан Садықов ресейлік әртіс Максим Галкиннің кешіне билет заңсыз сатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Massaget.kz-тің жазуынша, билеттер келісімшарт жасалмай тұрып сатыла бастаған. 

Ресей әртісі Максим Галкиннің кешін ұйымдастырушылар ережелерге қарсы шығып, тіпті заң бұзуға дейін барды. Билеттер сатылымға шыққан, ал концерт өтетін алаң - Республика сарайымен жасалатын келісімшартқа осы күнге дейін қол қойылмаған. Бұл - аумақты іс-шара өткізудің міндетті шарты. Концерт алаңымен, осы жағдайда Республика сарайымен келісімшарт жасамай тұрып, билеттерді сатылымға шығару - алаяқтық және көрермендерді алдау,- деді "Алматы әуендері" КМҚК директоры Бақытжан Садықов.

Ал әртістің продюсері Алексей Пучков қажет құжаттар ұсынылған. Дегенмен ұйымдастырушылардың басы дауға қалып отыр. Алаң өкілдері концерт афиша бойынша 6 қазан деп көрсетілгенін, бұл күні Республика сарайында басқа іс-шара жоспарланғанын атады. 

Галкиннің кешіне билет сатылымға шыққаны туралы ақпарат Желіде пайда болған. Платформаның Алматыдағы Республика сарайына ешқандай қатысы жоқ. Алаң басшылығы істі тексеру үшін прокуратураға жүгінді. Бақытжан Садықов көрерменді алдағаны үшін бар жауапкершілік концерт ұйымдастырушының мойнында екенін алға тартып отыр. 

 

Максим Галкин Алматы концерт

Новости по теме