Placeholder
ҚазАқпарат
Новости Казахстана31 августа 2023, 13:11

Максим Галкин: Алматы мен Астанада концерт өткізуге мүмкіндік бермей отыр

Ресейлік тележүргізуші, шоумен Максим Галкин әлеуметтік желіде видео салып, Қазақстан билігі Алматы мен Астанада концерт өткізуге мүмкіндік бермей отырғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Осыған орай Астана қаласының мәдениет басқармасы мәлімдеме жасады,

Биылғы 1 наурызда Астана қаласының мәдениет басқармасына 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу жөнінде хат келді. Оны жолдаған - «TopBilet» ЖК директоры Р. Асланов. Хат нөмірі - № 271. 8 қазанда мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен, кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылды. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хат түскен жоқ.

Осыған қарамастан, мәдениет басқармасы Максим Галкинге көмекке келуге дайын.

Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерт залында өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Максим Галкин (@maxgalkinru)

Максим Галкин концерт шоу-бизнес Инстаграм

Новости по теме