Новости Казахстана10 июля 2023, 18:55

Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Еліміздің мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне Арман Жүдебаев тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Министр Асхат Оралов осыған дейін ҚР мәдениет және спорт вице- министрі болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, шығарып салған. Ал жаңа вице-министр Арман Жүдебаев енді мәдениет бағыты бойынша жұмыс істемек. Ол 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген шенеунік алғашқы еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастады. 

2009-2013 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы болған ол 2013-2018 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері ретінде қызмет етті. 

Ал 2017-2018 жылдары Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарып, биылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасы қызметін атқарып келді. 

 

Арман Жүдебаев вице-министр

Новости по теме