Новости Казахстана12 сентября 2023, 18:00

Корея Республикасы заңсыз иммигранттарға «жасыл дәліз» жариялады

Корея Республикасының әділет министрлігі 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін елде заңсыз жүрген шетелдіктердің өз еркімен кетуіне арнайы мерзім енгізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Корея Республикасы Әділет министрлігінің 8 қыркүйектегі хабарламасына сәйкес, «жасыл дәліз» аясында заңсыз иммигранттар өз еркімен кеткен жағдайда айыппұлдан және Корея Республикасына одан әрі кіруге тыйым салудан босатылады.

«Жасыл дәліздің» ел аумағына заңсыз кірген, жалған құжат істеген немесе қылмыстық іске тартылған заңсыз иммигранттарға қатысы жоқ.

Корея Республикасы Қазақстандықтар имигранттар жасыл дәліз

Новости по теме