Новости Казахстана30 августа 2023, 9:00

Конституция күні: Елімізде Ата заң тарихы 1993 жылдан басталады

Бүгін Қазақстанда 1995 жылы 30 тамызда күшіне енген – Конституцияның 28 жылдығы аталып өтуде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ата заң тарихы 1993 жылдан басталады.

Қазіргі қолданыстағы екінші Конституция жобасы заң саласындағы ірі тұлғалардың, ғалымдар мен мықты саясаткерлердің қостауымен 995 жылы 30 тамызда қабылданған.

Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны, қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқығы мен бостандығы жазылған.

Қазақстан елі қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

30 тамыз Конституция күні ата заң Тарих

Новости по теме