Placeholder
Новости Казахстана3 марта 2023, 20:50

Германияда алты аяқты қозы туды

Германияда алты аяқты ерекше қозы дүниеге келді,- деп хабарлайды Arbat.media.

Massaget.kz-тің жазуынша, Долли атты қозы туғаннан кейін тұрып тамақ ішу қиынға соққан екен. Қозының жүруіне оңай болуы үшін оның бір аяғы арнайы дәкемен оралған.  Жануардың денесінің кемістігіне байланысты қой қозын емізбей қоя ма деген қауіп те туындаған. 

Кейін мал дәрігерлерінің тексеруінен кейін оның денесінде өзге ақау жоғы белгілі болды. Мамандар қозының артық аяғын не істеу керектігін қазір нақтылау үстінде.  

Екі аяғын кесіп тастасақ дұрыс болар. Бірақ ол операциядан кейін де дами ала ма, жоқ па - белгісіз. Бірақ қалай болғанда да Доллидің қалыпты қой өмір сүрсе екен дейміз, - дейді малшы Бернхард Тинтер.

Мамандардың сөзінше, қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусы салдарынан алты аяқты болып туған.


Қозы Мутант Германия Төл

Новости по теме