Новости Казахстана13 сентября 2023, 17:17

Келесі жылы ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:

ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. 2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңа тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша, ал «Оқу сауаты» мен «Математикалық сауат» міндетті пәндерінен тапсырма саны 5 сұраққа қысқарады. Бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Негізі бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.

Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстың қисынды жалғасы.

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ өзгерістер

Новости по теме