Новости Казахстана31 марта 2023, 16:13

Каспийде халықаралық есірткі синдикатына тосқауыл қойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетіне Маңғыстау облысында тосқауыл қойды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланған.

Жедел тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.

26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.

Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілген. Бақылау жұмыстары ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды.

Контрабандашылардың су көлігін тексеру барысында 30 келіден астам апиын және 10 қаптама "метадон" психотроптық заты табылды.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін Ақтауда үй ішінде есірткі өсірген тұрғындарды полиция ұстады. Сонымен қатар, есірткі сатумен айналысқан ресейлік азамат Ақтауда ұсталған болатын

 

Каспий теңізі Маңғыстау облысы ҰҚК Есірткі

Новости по теме