Placeholder
Новости Казахстана30 июня 2023, 14:12

Каспийде суға батқан 5 адамды құтқарушылар ажалдан аман алып қалды

Каспий теңізіне бір күн ішінде суға батқан 5 адам бір күнде құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарғанын мәлімдеді. Сондай-аө, олар бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті құтқарған.

Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылғаны белгілі болды. Судан шығарылғаннан кейін оларға медициналық көмек қажет болмады.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. Бұған дейін теңізге түсу кезінде суға батып, қайтыс болған бірнеше оқиға тіркелген болатын. 

Маңғыстау облысы Каспий теңізі Суға бату

Новости по теме