Placeholder
Новости Казахстана19 апреля 2023, 18:13

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жаңқош Тұраров сот шешімі бойынша айыппұл төледі

Боккстан IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Жанқош Тұраров сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Вugin.kz-тің жазуынша, боксшыға айыппұл салынды. 2018 жылы ол Алматыда "Sky Bar"-дағы атыстан кейін болған төбелеске байланысты сотта жауап берді.

2021 жылы Жанқош Тұраровтың сот орындауышыны қорқытқаны туралы ақпарат тарады. Өткен жылы  жол апатына түсті, көлігімен басқа көлікті соғып кетті. Сотқа боксшы бейнебайланыс арқылы қатысты. Соттың мәліметінше, ол кезде спортшы "уақытша жұмыссыз" болған. Сондықтан да, оған қатал үкім шығарылмаған секілді. 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп жазады дереккөз.

Наурыз айында Тұрар мексикалық  Алехандро Менесесті жеңген болатын. Жекпе-жек 12 раундқа есептелгенмен, 10 раундта қарыласының көзінен қан ағып, кездесу уақытынан бұрын тоқтатылды. Дәрігерлер рұқсат бергенімен, боксшының командасы айқасты жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Тұраров сол жолы жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Кейін Тұраповтың жекпе-жегін ұйымдастырған Movida Promotions промоутерлік компаниясы лицензиясынан айырылды.

Боксшының өзі титулынан айырылған жоқ.

Жакқош Тұраров бокс спорт сот

Новости по теме