Placeholder
Новости Казахстана10 февраля 2023, 20:55

Кәрім Мәсімовтің қамаудағы інісіне сот айыппұл салды

Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімовке қатысты істі Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты қарады, деп хабарлайды Arbat.media.

Сот Павлодар облыстық полиция департаментінің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 миллион теңге бөлгенін анықтаған. Осы орайда тиісті нормаларды бұзып, 10,7 миллион теңге қаржы артық жоспарлаған. Ал өткен жылы қызметке арналған жылқының жеміне 13,4 миллион теңге қарастырылған. Алайда оған да межеден тыс 8,5 миллион теңге қосып есептелген. Соттың айтуынша, тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соғып отыр. 

Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының жіберген қателігі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы толық дәлелденген.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Нұрлан Мәсімов өткен жылы қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған. Кейін оны пара алды деген күдікпен іздеуге алған болатын. Ол 2022 жылдың шілде айында Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өтпек болғанда шекарашылар ұстады. 

Нұрлан Мәсімов Кәрім Мәсімов сот Қоғам

Новости по теме