Новости Казахстана7 июня 2023, 13:56

Кәрім Бензама «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды

"Реал" сапында ойнаған француз шабуылшысы Карім Бензема енді саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сауд Арабиясының клубы клуб өзінің Твиттердегі парақшасында жариялады. 

Бензема енді бізбе бірге. Жолбарыс жаңа белестерді бағындыруға дайын. "Иттихадқа" қош келдің, Карім!, - деп жазды клуб әлеуметтік желіде.

Футболшы саудиялық клубпен келісімшарт 2026 жылға дейін жасаған. Аталған клуб өткен маусымның соңында ел чемпионы атанды. 

Кәрім Бензема Мадридтің "Реал" клубы сапында 14 маусым өткізіп, 647 ойында 353 гол соқты.  

Карим Бензема «Әл-Иттихад» футбол

Новости по теме