Новости Казахстана26 сентября 2023, 10:30

КамАЗ қағып кеткен әйелдің ота жасап жатқан кезде жүрегі тоқтады

Оралда КамАЗ жүк көлігі қаққан әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

52 жастағы жүргізуші КамАЗ көлігімен Орал қаласындағы базардың тұсында 53 жастағы әйелді қағып кеткен.

Әйел жолды кесіп өтпекші болған. Жүк көлік қағып кетіп, ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілген болатын. Бірақ операция кезінде жүрегі тоқтады. Бұл фактімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

орал Камаз көлік апаты қаза тапты

Новости по теме