Placeholder
Фото: depositphotos
Новости Казахстана12 июня 2023, 19:35

Италия үкіметін 4 рет басқарған Сильвио Берлускони бақиға озды

12 маусымда Миланда 87 жасқа қараған шағында Италияның мемлекет және қоғам қайраткері Сильвио Берлускони қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алдын ала белгілі болғандай саясаткердің соңғы Сан-Раффаэледегі ауруханада үзілген. 

Елдің экс-премьері, "Алға, Италия" партиясының көшбасшысы және Mediaset тележелісінің негізін қалаушы Берлускони 86 жаста болған, - деп жазды Corriere della Sera.

Берлускони Сан-Раффаэлеге өткен аптаның жұмасында оралған. Ол 45 күнге созылған пневмония мен лейкемиядан емделіп шыққан көрінеді. 

Сильвио Берлускони - Италияның белгілі мемлекет және саяси қайраткері. Ол елдің 4 мәрте министрлер кабинетінің жетекшісі болған. Сондай-ақ, кәсіпкер-мултьтимиллиардер саналады. 

Үкімет

Сильвио Берлускони премьер-министр өлім

Популярное:

Новости по теме