Placeholder
Новости Казахстана4 июля 2023, 22:44

Илон Маск әлемнің ең бай адамы ретінде көш бастады

Әлемдегі ең бай 500 адам 2023 жылдың бірінші жартысында 852 миллиард доллар табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Arbat.media.

Анадолы агенттігінің жазуынша, әлемнің дәулетті адамы Илон Маск Bloomberg көрсеткіші бойынша әлемдегі ең бай 500 адамның көшін бастап тұр. Оның жиған байлығы 234 миллиард долларды құраған. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Масктың байлығы 96,6 миллиард долларға өскені белгілі болды. 

Ал екінші орынды 200 миллиард доллар байлығымен франциялық LVMH сәнді тауарлар өндірушісі Бернар Арно иеленіп отырған жайы бар. Одан кейінгі сатыда 154 миллиард доллармен Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұрақтаған. 

 

Илон Маск Олигарх Бай адам

Новости по теме