Новости Казахстана29 июня 2023, 17:55

Іле-Балқаш резерватында қамыс өрті өршіп тұр

Іле-Балқаш резерваты аумағында қамыс өртін сөндіру жұмыстары бірнеше күн қатарынан жалғасуда, деп хабарлайды Arbat.media.

Өртті сөндіруді бірнеше жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс қалдығы қиындатып отыр. Онда авиацияны қолдана отырып өртті сөндіруге қарамастан, жалын толастар емес. 

Өрт автотехникасының өтуі мүмкін болмай отыр. Сонымен қатар, тілсіз жау аумағына жету қиын болғандықтан, қол құралдары хлопушка, мотопомпаларды және шанц құралдарын пайдалану тәсілімен сөндіріліп жатыр.

Сондай-ақ, жел бағытын ескере отырып, өрт ошақтарын қарама-қарсы өртпен сөндіру әдісі қолданылып жатыр. Қазавиақұтқару тікұшағы су ағызу құрылғысын қолдана отырып, су шашуды жалғастыруда. Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылған.

29 маусымда "Қазавиаорманқорғау" тікұшағымен резерваттағы жағдайды бағалау және жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру үшін десант жеткізілетін болады. Сондай-ақ, өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтайды.

Іле-Балқаш резерваты Өрт Төтенше жағдай

Новости по теме