Новости Казахстана26 сентября 2023, 17:20

ІІМ: Екі айдың ішінде жауапқа тартылған «үй тирандарының» саны үш есе өскен

Елімізде зорлық-зорбылық құрбаны, жәбір көрушілер өміріне қауіп төнген кезде полицияға хабарласады да, ал полицей барған кезде арыз жазудан бас тартады екен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлім етті.

«Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 100 мыңнан астам хабар келіп түседі. Жәбір көрушілер отбасылық-тұрмыстық жанжалдар туралы ашық мәлімдейді. Дегенмен жәбірленушілердің 60%-ы арыз жазудан бас тартады, сол себепті полиция қызметкерлері тиісті шара қолдана алмайды. Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында биыл 1 шілдеде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған жаңа заң күшіне енді», - деді Игорь Лепеха Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында.

«Көбіне полиция кеткеннен кейін отбасындағы жанжал жалғасып, кейде оның арты ауыр зардапқа әкеледі. Заңға енгізілген түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік берді. Қазір өтініштердің 92%-ы бойынша «отбасылық бұзақылар» жауапкершілікке тартылады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», - дейді ол.

Заң қатаңдатылғаннан кейін отбасында күш көрсетушілерді жауапқа тарту көбейген екен.

«Заңнама өзгергеннен кейін екі айдың ішінде жауапқа тартылған «үй тирандарының» саны 3 есе өсті. Егер мамыр және маусым айларында осындай 5,3 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, шілде, тамызда олардың саны 16 мыңнан асты. Тиісінше, қамауға алынған бұзақылар саны 2 есе өсті», -дейді И. Лепеха.

зорлық-зомбылық Ішкі істер министрлігі Статистика

Новости по теме