Placeholder
Новости Казахстана15 декабря 2022, 16:52

Франция – Марокко ойынынан кейін Монпельедегі қақтығыста 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен Франция – Марокко матчынан кейін франциялықтар мен этникалық марокколықтар арасында қақтығыстар болды. Францияның бірнеше қаласында болған келесіз жағдайдан кейін 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды  arbat.media.

RMC Sport агентігінің жазуынша, Монпельеде Франция құрамасының жанкүйерлері отырған автокөлікке белгісіз адамдар шабуыл жасаған. Олар терезеден шығып тұрған ұлттық құрама жалауын жұлып тастаған. Сол сәтте көлік жүргізушісі оқыстан қозғалып, алдында тұрған 14 жастағы ұл баланы басып кетті. Зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болған.

Жартылай финалдық матч алдында Франция үкіметі 10 мыңнан астам полиция жасаған қауіпсіздік үшін бекіткен еді. Алдын ала болжам бойынша кездесуден кейін жаппай тәртіпсіздік болуы мүмкін екендігі болжанған.

Финалға шыққан Франция құрамасы енді Аргентина футболшылармен кездеседі. Өз кезегінде оңтүстікамерикалықтар жартылай финалда Хорватияны 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді  17 желтоқсан үшін әлем чемпионатының үшінші орны үшін Хорватия мен Марокко құрамалары ойын өткізсе, араға бір күн салып Франция мен Аргентина чемпиондық атақ үшін жасыл алаңға шығады.

Франция Марокко футбол Әлем чемпионаты

Новости по теме