Placeholder
Новости Казахстана27 января 2023, 18:22

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жалпы инфляция 13 пайызға жетті

Өткен жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жалпы инфляция 13 пайызға жеткені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media

Оның ішінде ең жоғары көрсеткіш Қазақстанда байқалған. Еуразиялық экономикалық одақ 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, желтоқсанында тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 100,8%-ды, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда — 112,9%-ды құрап отыр. 

Оның ішінде инфляцияның ең жоғары көрсеткіші Қазақстанда (20,3%), Қырғызстанда (14,7%) және Беларусьте (12,8%) тіркелді. Ал Ресейде 11,9%, Арменияда 8,3% шамасын көрсетті. 

Азық-түлік Қазақстанда (25,3%-ға) және Қырғызстанда (17,1%) қымбаттады. Беларусьте бұл көрсеткіш 13,8%, Ресейде - 10,3% құрады. Ал Арменияда (9,9%) қымбаттағаны байқалып отыр. 

Азық — түлік емес тауарларға баға Қазақстанда бір жылда 19,4%-ға, Беларуссияда-13,7%-ға өскен. Қырғызстан мен Ресейде өсім 12,7%-ға жетсе, Арменияда ол тек 7,1%-ға тең болды.

Ақылы қызметтердің бағасы болса Қазақстанда 14,1%-ға, Ресейде - 13,2%-ға, Беларусьте - 10%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда (9,1%-ға) және Беларусьте (7,2%-ға) қымбаттаған.

Ресейде инфляция желтоқсан айында ең жоғары өсім 0,78 пайыз болған. Қараша айында өсі 0,37 пайызды құраған болатын.

Ең жоғары инфляцияның Қазақстанда тіркелуі көпті таң қалдырып отыр. Себебі, соғыс болып жатқан, мұнайы мен газына шектік баға қойылған Ресейде инфляция 0,78, тыныш отырған Қазақстанда желтоқсандағы инфляция 20,3 пайызға жеткен. 

 

ЕЭО Қазақстан Инфляция Экономика

Новости по теме