Placeholder
Новости Казахстана6 марта 2023, 19:39

Ертісбаевқа "тіл тигізген" Арман Шораевқа қатысты сот отырысы кейінгі шегерілді

Парламент Мәжілісінде кандидат ретінде тіркелген Арман Шораевқа қатысты сот отырысы алдағы аптаға ауыстырылды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаевқа тіл тигізіді деп айыпталған Арман Шораевты Нұрия Балтабайқызы сотқа берген болатын. Алайда, дүйсенбідегі сот отырысы жауапкердің талабы бойынша кейінге ауыстырылған. Бұл туралы Арман Шораев әлеуметтік желіде жазба жариялады. 
Нұрия Балтабайқызы деген шағымданушы адамның өзі сотқа келмеді. Менiң сотқа қойған талабым – шағымданушы тарап өзі келуі тиіс! Сонымен талап қанағаттандырылып, сот кейінге яғни 10 наурызға шегерілді. Мені қолдауға келген барлық азаматтарға – көп рахмет! Ризамын, - деп жазды Арман Шораев.
Бұған дейін Арман Шораев мәселенің мәнісі туралы жұртшылыққа хабарлаған болатын. 
Бәріңізге белгілі, Ертісбаев келіскен пікірсайысқа келмей қалды. Сотта да өзін ұсынып отырған партиясын қорғауға, партиясы үшін жігіттік сөзін айтуға да жарамай отыр. Қазақстан Халықтық партиясынан депутаттыққа жалғыз кандидат Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданып жатыр. Нұрекең айтқандай шынымен де ар-намысына тигенім сотта дәлелденсе, мені депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады, - деген болатын Арман Шораев. 
 
 
 
Арман Шораев депутат Ермұхамед Ертісбаев сот

Новости по теме