Placeholder
PressMFAKZ
Новости Казахстана6 июня 2023, 14:53

Елімізге Сириядан 5 адам арнайы операция кезінде оралды

"Жусан" арнайы операциясы аясында Сириядан төрт баласы бар әйел Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі аталған ақпаратты мәлімдеген еді. Ал бұған қатысты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бес адамның оралғанын растады. 

Иә, растаймыз. Бұл бірнеше күн бұрын болған, қазір олар Қазақстанға келді. Қазір олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бұл «Жусан» операциясы аясында жүзеге асты. Қазақстан өз азаматтарын Сирия аумағынан шығаруды жалғастырып жатыр, - деді Айбек Смадияров.

Сирия Жусан Оралу

Новости по теме