Placeholder
Новости Казахстана20 апреля 2023, 15:15

Елімізде тіркелген азаптау деректерін тек прокуратура тексеретін болды

Бас прокурор Берік Асылов қатыгездік пен азаптаудың кез келген көріністеріне төзбеушілік саясатын дәйекті түрде жүргізіп жатқанын атады, хабарлайды Arbat.media.

Ол Қазақстан қатыгездік пен азаптаудың кез келген көріністеріне төзбеушілік саясатына қарсы кешенді жұмыстар атқарылғанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы азаптауды түбегейлі жоюды тапсырды. Азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі тәсілдерді енгізуге жауапты болып прокуратура органдары айқындалды. 2023 жылдан бастап барлық азаптауды тек прокурорлар тергеп-тексереді. Оларды тергеу бойынша нұсқаулық пен әдістеме қабылданды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі, сараптамалар, жауап алу және басқа да бірқатар мәселелер жөніндегі Стамбул хаттамасының ережелері негізге алынды, - деді Берік Асылов. 

Қазіргі уақытта азаптау үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілгені айтылды. 2014 жылы адам қайтыс болған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан 12 жылға дейін ұлғайтылған болатын. 2023 жылғы наурызда бас бостандығынан айырудың ең төменгі және ең жоғарғы мерзімі бір топ адам болып, жүкті әйелдер мен балаларды, бірнеше рет және орташа ауырлықтағы зиян келтіріп, азаптаған жағдайда 3-7-ден 4-10 жылға дейін күшейтіліп отыр.

Сонымен бірге, Бас прокурор азаптау және қатыгездік әрекеттер кезінде адам өліміне алып келген жағдайда санкцияның ең төменгі шегі 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгені жеткізді. Елімізде азаптау жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға рақымшылық ескіру мерзімінің аяқталуы,  өкінгені үшін, және тараптардың татуласуы бойынша жасалатыны айтылды. 

Прокуратура Азаптаау Берік Асылов Қоғам

Новости по теме