Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 17:39

Елімізде бір аптада үш мыңға жуық қылмыс тіркелді

Қазақстан аумағында бір апта ішінде 2800-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Ішкі істер министрлігі апта ішінде анықталған қылмыстық оқиғалар туралы мәлімдеді. 

Бір аптада 2839 қылмыс жасалды, оның 1701 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты - 4, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты - 2, сондай-ақ 43 тонау және 388 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, республика аумағындағы колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылғаны айтылды.

Қылмыс ІІМ Қоғам

Новости по теме