Новости Казахстана1 июня 2023, 14:59

Еліміз бойынша 172 мың түлек мектеп бітірді

Бүгін елімізде алғаш рет орта мектептерде соңғы қоңырау шарасы 1 маусымда соғылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан бойынша 11-сыныпты 172 мыңнан астам түлек тәмамдады. Сондай-ақ, 18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарда биылғы оқу жылы аяқталды.

Биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдаса, 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныпты аяқтаған оқушылар алда ЖОО-на түсу бойынша ҰБТ тапсырады. 

Сондай-ақ, балаларды қорғау күніне сәйкес келген соңғы қоңыраудан бөлек, Қазақстанның барлық аймақтарында 1000-нан астам түрлі іс-шаралар өткізілмек. Оған 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады деп күтіліп отыр. 

Мектеп түлегі Балаларды қорғау күні соңғы қоңырау

Новости по теме