Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 20:43

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 4-ші ракеткасы атанды

Рим WTA 1000 турнирінде топ жарған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді. Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Е.Рыбакина әлемде осы маусымда ең көп табыс тапқан теннисшілер қатарына еніп отыр. 

Римдегі  «Мастерс» турнирінде  Рыбакина 564 407 доллар сыйақы тапты. Сонымен бірге, ол бұл маусымда Еленаның банктегі шотына 3 795 007 доллар тапты. Ал спорттық карьерасын бастағалы бері отандық спортшы барлығы 10 155 965 доллар тапқан көрінеді. 

 

Елена Рыбакина Теннис Қаржы

Новости по теме