Placeholder
Новости Казахстана12 июня 2023, 13:30

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Arbat.media. тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты. Аталған тізімде Елена Рыбакина 4-тен үшінші орынға көтеріліп отыр. Бұл отандық теннис тарихындағы рекордтық нәтиже болып отыр. 

Тізімнің басында польшалық Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко  бар. 

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 58-ден 51-сатыға көтерілді. 

 

Елена Рыбакина Теннис рейтинг

Новости по теме