Новости Казахстана25 апреля 2023, 15:40

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Әлемнің төртінші ракеткасы Онс Жабер 25 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтетін Мадридтегі WTA 1000 турниріне қатыспауына байланысты қазақстандық теннисші Елена Рыбкинаға әлемдік рейтингте рекордтық алтыншы орынға көтерілуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Arbat.media Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Тунис теннисшісі жарақатына байланысты өткен жылғы чемпиондық титулды қорғай алмайды.

Медициналық тест нәтижесі балтыр бұлшықетімнің аздап жыртылғанын және қалпына келтіруге көбірек уақыт кететінін көрсетті. Мен Мадридтегі атағымды қорғай алмайтынымды өкінішпен хабарлаймын, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Штутгарттағы турнирдің жартылай финалында Жабер польшаның Ига Швентекпен үш геймнен кейін ойынды тоқтатты. 

Жабердің негізгі кестедегі орнын америкалық Шелби Роджерс алады. Ол екінші айналымда румыниялық Ана Богданмен немесе венгр Анна Бондармен ойнайды.

Бұл ретте Онс былтырғы атағы үшін 1000 ұпай кемиді. Яғни ол WTA-ның LIVE-рейтингінде үш позициясын жоғалтып, жетінші орынға түсті.

Осыған байланысты Елена Рыбакина әлемдік рейтингте өзі үшін рекордтық позицияға көтеріліп, алтыншы орынға тұрақты. Бұған дейін отандасымыз жетінші сатыға жайғасқан еді. 

Елена Рыбакина Теннис Онс Жабер

Новости по теме