Placeholder
Фото: inbusiness.kz
Новости Казахстана13 апреля 2023, 14:07

Екібастұз "Богатырь көмір": қылмыстық схемасы әшкерленді

"Богатырь көмір" ЖШС автобаза директоры 45,5 млн теңге сомасына материалдық залал келтіріп, жүйелі негізде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, басшылық лауазымдағы азаматтар заңсыз байыған, деп хабарлайды Arbat.media.

Олар қылмыстық схеманы пайдаланған.

Қылмыстық схема бойынша автокөлік құралдарына қосалқы бөлшектерді есептен шығару, жаңаларын сатып алу және оларды өтірік орнату туралы құжаттарға қол қойылған. Жаңа бөлшектерсіз техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемеді, ал жоғарыда аталған адамдар сатып алған бөлшектерді сатты, – делінген ҚМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Күдіктілер ұсталды, ұрланған қозғалтқыштар мен жүк көліктерінің БӨП тәркіленді.

Сот олардың толық өкінуіне және кінәсін мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деп мәлімдеді ҚМ баспасөз қызметі.

Екібастұз Богатырь көмір сот Шығын

Новости по теме