Placeholder
Новости Казахстана19 апреля 2023, 17:38

Екі миллиард теңге жымқырған талдықорғандық есепшінің ісі Антикорға өтті

Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін қолға түсірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Есепші білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрап отыр. 

«Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді Антикордың баспасөз қызметі.

 Бұған дейін Жетісу облысында бюджет қаржысын жымқырған талдықорғандық есепші ұсталған еді. Тексеру барысында оның үйініне бір миллиардқа жуық қаржы мен 14 пәтердің құжаты табылған. 

 

Талдықорған Есепші Қаржы Антикор

Новости по теме