Placeholder
Новости Казахстана1 сентября 2023, 19:41

Егде жастағы әйелдердің алқасын жұлып алып, қашып кетіп жүрген

Алматыда егде жастағы әйелдердің мойнындағы алқасын жұлып алып, қашып кетіп жүрген еркек ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media

Жасы үлкен әйелдердің зергер бұйымдарын көпе-көрнеу тартып алып, қашып кетіп жүрген күдікті қамауға алынды. Осыған ұқсас 12 қылмыс жасағаны анықталды. Басқа да жәбірленген әйелдер де шығып жатыр. Ұрлаған бұйымдарды базарда сатқан. Енді сол ұрланған мүлікті сатып алғандар іздестіріліп жатыр, өйткені олар да жауапқа тартылады, – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Алматы Қылмыс ұрлықшы алқа

Новости по теме