Placeholder
Новости Казахстана6 сентября 2023, 14:07

Департамент бастығы қызметінен кетті — Атбасар түрмесіндегі азаптау

Ақмола облысында түрмедегі азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметінен шығарылып, 11 қызметкер жұмысынан айырылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспаөз қызметі таратты.

Әлеуметтік желіде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемеде болған оқиға туралы видео жөнінде мынаны хабарлаймыз. Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша арнайы құрал пайдалану кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдалану белгілері байқалады.Жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия шешімімен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқарып отырған лауазымынан шеттеуге ұсынылды. Прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүрзігіп жатыр.

Заң бұзуға қатысы бар 11 қызметкер жағымсыз әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан шығарылу ұсынылған.

 

 

Ақмола облысы Атбасар түрме Азаптау

Новости по теме