Новости Казахстана23 января 2023, 20:45

Челах ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды - Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы Владислав Челах ісі бойынша тергеу процесінің қайта басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қостанай облысында жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың өтінішін тексеру үшін зерттеліп жатқан қылмыстық іс қайта қозғалмақ. 

Сотталған адамның дәлелдері ҚР Конституциялық заңында белгіленген тәртіпке сәйкес тексеріледі, - деп жазды Zakon.kz.

Бұған дейін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Владислав Челахтың хаты ведомствоға келіп түскенін растаған. 

2022 жылдың желтоқсанында Владислав Челах Президент Тоқаевқа жүгініп, "Арканкергендегі"оқиға туралы барлық шындықты ашуға уәде берген. Ол трагедияны тергеу болған оқиғаның толық көрінісін ашпағанын және оқиғаларға кінәлі адамдар жазасыз қалғанын мәлімдеген болатын. Челах жасалған шабуылдың нұсқасын ұсынды, бірақ сот пен тергеу оның сөздерінен бас тартқан еді.

2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасы бойындағы "Арқанкерген" бекетінде 15 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 әскери қызметші және бір орманшы бар.

Бұл оқиғаға мерзімді әскери борышынөтеп жүрген сарбаз кінәлі деп танылды Владислав Челахты сот өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұған дейін Жоғарғы сот сотталушыға қатысты істі қайта қараудан бас тартқан. 

Владислав Челах Бас прокуратура Тергеу Арқанкерген

Новости по теме