Новости Казахстана31 августа 2023, 12:45

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Биылғы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген.

Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады.

138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағытын таңдаған.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжатқабылданады.

Стипендиаттар тізімімен мына сілтемеде танысуға болады.

 

Болашақ стипендия Білім беру Тізім

Новости по теме