Placeholder
Ақорда
Новости Казахстана30 мая 2023, 17:53

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Тоқаевтың қандай сыйлық бергенін атады

Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында топ жарған тараздық Асланбек Шымбергенов президент қабылдауында қандай сыйлық алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Ақордада өткен президентпен кездесу туралы айтып берді.

Қобалжу болды, бірақ сөз сөйлегенім өзіме ұнады. Соны қайта-қайта көрдім, жақсы сөйлеппін. Президент бізге iPhone 14 Pro берді, - деді Шымбергенов QAZAQ RING подкастына берген сұхбатында.

Сценарий бойынша чемпион өз белбеуін президентке сыйлауы керек болған. Бірақ Тоқаев одан бас тартыпты.

Маған басында белбеуді президентке сыйлайсың деді. Оны берейін деп жатқанда президент "бұл менің жетістігім емес, бұл сенің еңбегің, өзіңде болсын" деді, - дейді спортшы.

Мамыр айында 14-де Ташкентет аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшы әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ, 67 келіде сынға түскен Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды

Асланбек Шымбергенов бокс Қасым-Жомарт Тоқаев

Новости по теме